11А сыныбында «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өтті
Мақсаты: Оқушыларға жаңа Конституциядағы білімнің маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және өз ойларын еркін жеткізуге үйрету.
Сабаққа Хуантхан Нұртілеу әкесі Хумар Хуантхан қатысып, оқушыларға Конституциядағы білім беру саласына қатысты баптарды түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, берілген баптарды талқылады. Сынып сағаты оқушылардың білімнің маңызын терең түсінуіне ықпал етті.
