Мектеп директоры
Ахметова Аягуль Нурабаевна, мектеп директоры
Ахметова Аягуль Нурабаевна, 32 жылдық педагогикалық еңбек өтілі, 15 жылдық басшылық қызмет тәжірибесі бар. Ұлт мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.
Кәсіби қызметі Караганда қаласының білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Әр жылдары «№62 жалпы білім беретін» КММ 7 жыл, сондай-ақ «№93 Гимназиясы» (қазіргі Шәкәрім атындағы гимназия) 8 жыл басқарды.
Басшылық еткен білім беру ұйымдары мемлекеттік білім беру бағдарламаларын табысты жүзеге асырып, инновациялық жобаларды енгізіп, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану арқылы білім сапасының тұрақты нәтижелерін көрсетті.
2019 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің, Қарағанды облысы білім
басқармасының және Қарағанды облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен наградталған.
Ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлардың тұрақты қатысушысы әрі спикері, басқару және педагогикалық қызмет тәжірибесін кәсіби алаңдарда бөліседі.
Басшы ретінде — стратегиялық ойлайтын, нәтижеге бағытталған көшбасшы.
Жауапкершілігі жоғары, өзіне және ұжымға талап қоя білетін, жаңашылдыққа ашық, сындарлы диалогқа дайын тұлға.
Жұмысында серіктестік, өзара құрмет және қолдау қағидаттарын басшылыққа алады.
Негізгі мақсаты — әрбір оқушының қабілетін ашуға және педагогтердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасау.
