Жасанды интеллект
📚 Білім беру жүйесі қарқынды өзгеріп жатыр.
Ал сол өзгерістің басты қозғаушы күші — *Жасанды интеллект*.
Бүгінде «Келешек мектептерінің» басшылары ЖИ-ді жай ғана технология емес, білім сапасын арттыратын стратегиялық құрал ретінде қарастыруда. Біздің мектеп те бұл бағытта нақты қадамдар жасап, ЖИ мүмкіндіктерін оқу үдерісіне тиімді енгізіп келеді. 🚀
🏆 Біздің мектептің жетістіктері де аз емес. Соның кейбіріне тоқталсақ, ұстаздарымыз бен оқушыларымыз республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатуда.
Осы жетістіктердің ең маңызды негізі — ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен үздіксіз еңбегі*. Мұғалімдер тек білім беріп қана қоймай, оқушылардың қабілетін ашып, оларды заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект пен STEM бағыттарын тиімді қолдануға бағыттап келеді. Бұл — білім сапасын жаңа деңгейге көтеретін басты фактор. 👩🏫👨🏫
Солардың ішінде атап өтсек, «Келешек мектептері» басшылығының қолдауымен және жасанды интеллект пен STEM бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде ASTANA FIRST REGIONAL 2025, Robotics for Good Youth Challenge, STEM олимпиадасы және Explorer бағдарламалары сияқты қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда оқушыларымыз Бигалиев Рустам, Жанболсынов Бексұлтан және Ғабидолла Гүлсезім жетекшісі Дина Досымовнамен бірге үздік нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болды. Байрам Асылхан және Салқымбаева Гүлжас оқушыларымыз жетекшісі Жасұлан Қабденұлымен республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Мұрат Амир, Хабидулла Мансур және Әбдіжаппар Нұрсұлтан оқушыларымыз да жетекшісі Жанна Құдайбергеновнамен бірге республикалық деңгейде өз жұмыстарын сәтті ұсынып, зор нәтиже көрсетті.
🌟 Бұл жетістіктер — тек оқушылардың ғана емес, ең алдымен ұстаздардың кәсіби біліктілігі, шығармашылық ізденісі және табанды еңбегінің нәтижесі. Мұғалімдердің бағыт-бағдары мен қолдауы болмаса, мұндай жоғары деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізу мүмкін болмас еді. Сондықтан ұстаз еңбегі — білім беру жүйесінің ең маңызды тірегі.
🚀 Жасанды интеллект пен технологияны дұрыс қолдана білген, әрі мықты педагогикалық командасы бар мектеп — ертеңгі көшбасшы мектеп!




