2025–2026 оқу жылы аясында мектебімізде ІІІ педагогикалық кеңес отырысы өтті
Кеңес барысында білім беру сапасын арттыру және тәрбие жұмыстарының тиімділігін күшейтуге бағытталған маңызды мәселелер қарастырылды.
🔹 Оқу ісі жөніндегі орынбасарлар ІІІ тоқсан қорытындыларын ұсынып, оқушылардың білім сапасы мен үлгерімі сараланды. Алдағы кезеңге нақты міндеттер белгіленді.
🔹 Тәрбие ісі бойынша «Адал азамат» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланып, оқушылардың азаматтық және адамгершілік құндылықтарын дамыту бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
🔹 Педагогтерді аттестаттау қорытындылары таныстырылып, 2027 жылға арналған міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, мұғалімдердің қызмет тиімділігін бағалау рейтингі енгізу мәселесі көтерілді.
📌 Кеңес қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Отырыс соңында оқу тоқсаны барысында ерекше нәтижелер көрсеткен педагогтарға алғыс хаттар табысталды.
