№113 мектеп оқушыларының панкратиондағы жетістігі

Астана қаласы №113 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушыларын Панкратионнан балалар, жасөспірімдер және жастар арасындағы ашық чемпионаттағы тамаша жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қанат Бексұлтан Берікболұлы (57 кг) мен Амангелді Нұрымжан Ғалымжанұлы (45 кг) жүлделі ІІ орын иеленіп, өз шеберліктері мен табандылықтарын дәлелдеді.

Жас спортшыларға алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруды тілейміз!